Учаскелік полиция пункті жанында екі автокөлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 18:10-да бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі «Chevrolet Cobalt» және «Changan» маркалы екі автокөлікті өртеп жіберген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
#право, #Абайская область, #Полиция, #автомашина