Заңсыз алтын өндірісімен айналысқан «қара алтын іздеушілер» тобы ұсталды

Заңсыз алтын өндірісімен айналысқан «қара алтын іздеушілер» тобы ұсталды

Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абай облысы ПД ҰҚҚБ бастығы полиция полковнигі Бауыржан Егізбаевтің айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстаған. Олардан жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен 3 килограмм құрамында алтыны бар кен табылып, тәркіленген. Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты.
Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


#право, #Абайская область, #Полиция