Жәбірленушілерге жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Жәбірленушілерге жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

 Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 646 фактісі тіркелді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Банктен қоңырау шалу" және интернет арқылы сатып алу кезінде алдын-ала төлемді талап ету сияқты схемалар жиі кездеседі. Көбінесе 40 пен 60 жас аралығындағы қала тұрғындары алаяқтарға алданады.Полицейлер күн сайын контактісіз алаяқтық фактілерінің алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.Қылмыстың бұл түрін болдырмау мақсатында полицейлер алдын алу жұмыстарын жүргізеді, онда тұрғындарды өткізілетін іс-шаралар туралы, полиция мен банк қызметкерлері ешқашан тікелей телефон арқылы қоңырау шалмайтындығы туралы ескертеді.  Құрметті қала тұрғындары! Алаяқтардың айла-амалдарына берілмеңіздер, ақша аудармаңыздар, жеке деректерді, телефон нөмірлерін, карта нөмірлерін бермеңіздер және сақ болыңыздар. Ешбір жағдайда ешкімге өзінің жеке деректерін беруге, сондай-ақ өз құрылғысына үшінші тарап қосымшаларын жүктеуге болмайды. Қаржылық операцияларға қатысты шешімдер қабылдауға асықпай, диалогты аяқтап, дереу өз Банкінің Call-орталығына және полицияға "102" нөміріне қоңырау шалу қажет", - деді полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нариман Күлдіков.

Тек жұмыс басталғаннан бері "Cyberpol" соққы-нысаналы тобы интернет-алаяқтықтың 20 фактісі бойынша 10 адамды ұстады, алаяқтардың шоттары бұғатталды және жәбірленушілерге жалпы сомасы 5 335 000 теңгеге ақшалай қаражат қайтарылды.

​Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.


#право, #Абайская область, #мошенник