Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Құрылтай сайлауында дауыс берді.
№ 559 сайлау учаскесінің өкілдері Бибігүл Төлегенованың үйіне келіп, тұрғылықты жері бойынша өз таңдауын жасауға мүмкіндік берді. Халық әртісі дауыс берген соң ақ батасын беріп, Құрылтай сайлауының өтуін қолдайтынын білдірді.
Фото: Еламан Тұрысбеков/ Kazinform
— Бұл — Құрылтайға өтіп жатқан алғашқы сайлау. Мұны өте дұрыс қадам деп ойлаймын. Әр мемлекеттің өз ұлттық мүддесі бар, сондықтан біздің де өз Құрылтайымыз болуы тиіс. Сол себепті бұл сайлауды қолдаймын. Өз таңдауымды жасадым. Әрине, Президентімізді, оның бастамалары мен ел үшін жасап жатқан барлық игі істерін қолдаймын. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп ойлаймын, — деді Бибігүл Төлегенова.
Сонымен қатар ол өсіп келе жатқан ұрпақты қолдауға бағытталған шаралардың маңыздылығын атап өтті.
https://kaz.inform.kz/news/bibgul-tolegenova-kuriltay-saylauinda-oz-uynde-dauis-berd-79983e30





