Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 94 қаралымabaidan.kz

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті.

Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес алғаш рет өткізіліп отырған сайлау.

Бұл сайлау – қатардағы саяси науқан емес. Жаңа Құрылтайдың құрылуымен Президент бастамашы болған ұлттық жаңғырудың жаңа кезеңі басталады.

Бүгін сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге белсенді қатысқан әрбір азаматқа алғысымды білдіремін. Сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыз, ел болашағына деген бейжай қарамайтын көзқарастарыңыз – қоғамымыздың саяси мәдениетінің көрсеткіші.

Қазақстан Халық партиясына дауыс берген әрбір азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Алдын ала экзит-полл нәтижелері бойынша бізге кемінде 3 пайыз сайлаушы дауыс бергенімен, бұл әлі де түпкілікті нәтиже емес. Сіздердің сенімдеріңізді біз үлкен жауапкершілік әрі алдымызға қойылған маңызды міндет деп бағалаймыз. Халқымыздың үмітін ақтау үшін бар күшімізді саламыз.

Біз белсенді әрі сапалық тұрғыдан жаңа деңгейдегі сайлау науқанынан өттік. Партиялар бірден төрт республикалық телеарнаның тікелей эфирінде бетпе-бет кездесті. Миллиондаған қазақстандықтар тірі, алдын ала өңделмеген пікірталасты көріп, тараптардың нақты ұстанымдарын тыңдады.

Сайлау науқаны кезеңінде жүздеген халықаралық және мыңдаған қазақстандық байқаушылар жұмыс істеді. Бұл сайлау үдерісінің ашықтығын көрсетеді.

Президент жүзеге асырып жатқан реформалар біздің партияның идеологиясымен үндес. Біз өз рөлімізді сол реформаларды іске асырудағы сенімді серіктес болу деп білеміз.

Құрылтай жұмысының басталуымен еліміздің жаңартылған саяси институттарын қалыптастыру кезеңі басталады.

Сайлау қорытындысынан барлық қазақстандықтар мен тұтас еліміз ұтады.

Барлық кандидаттар мен саяси партияларға бәсекелі әрі мазмұнды сайлау науқаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл – саяси жүйеміздің кемелденіп келе жатқанының белгісі.

Қазақстан Халық партиясы бүгінгі дауыс беру қорытындыларын объективті деп танып, басқа партиялардағы әріптестерімен басты мақсат – әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын арттыру және Әділетті Қазақстанның сенімді дамуы мен тұрақтылығы жолында сындарлы жұмыс жүргізуге дайын екенін мәлімдейді!

Баршаңызға рақмет!