Футбол алаңында жеңіс үшін күресіп жүрген «Елімай» жастар командасы бүгін ел болашағына қатысты маңызды таңдауға да өз үлесін қосты. Команда мүшелері жаттықтырушылар құрамымен бірге №66 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Жас спортшылар үшін сайлауға қатысу – азаматтық белсенділігін танытудың бір жолы. Әрбір ойыншы өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
Команда капитаны Мейіржан Жұмадиловтың айтуынша, барлық спортшылардың көңіл-күйі көтеріңкі, команданың ауызбіршілігі де жоғары.





