Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 21 қаралымabaidan.kz

Құрылтай сайлауы: өңірлерде саяси күнтәртібі қалай түзіледі?

Құрылтай сайлауы: өңірлерде саяси күнтәртібі қалай түзіледі?

Дауыс беру күні жақындаған сайын партиялар өңірлердегісайлауалды жұмысын жалғастырып жатыр. Науқан аясында жергілікті мәселеге ойысып, әр өңірдің өзекті түйткілдеріалдыңғы қатарға шығады. Бір жерде – жұмыспен қамту, ендібірінде – экология, өнеркәсіп, әлеуметтік инфрақұрылымнемесе ауылды дамыту мәселесі көтеріледі. Жергілікті жердегі кездесулер партия бағдарламасының ел тұрғындарының нақты сұранысына қаншалықты сәйкес келетінін бағалаудың маңызды алаңына айналды. Төменде 6 тамыз күні Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қайөңірлерге барып, қандай аудиториямен кездескеніне шолуұсынамыз.

 

«Әділет» партиясы өңірлердегі жұмысын «ӘділеттіҚазақстан үшін» мобильді керуені аясында жалғастырды. Қостанай облысында керуеннің бағыты Ұзынкөл, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл және Қарасу аудандарынқамтыды. 700-ден астам ауыл тұрғынымен өткен кездесудежолдардың жағдайы, ауызсумен қамтамасыз ету, байланыссапасы және жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.

 

Келесі бағыт Жамбыл облысы болды. Мұнда ауылшаруашылығы саласындағы мәселелер күнтәртібінде тұрды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған керуенЖуалы ауданындағы шаруа қожалығы мен сүт өңдеукооперативіне барып, Нұрлыкент ауылыныңтұрғындарымен жеке кездесу өткізді.

 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия күндіөткен теледебаттарды талдауға арнады. Партияныңреспубликалық сайлауалды штабында «Жетінші арна» эфирінде партия атынан пікірсайысқа қатысқан Құрылтайдепутаттығына кандидат Мақсұт Насибуловтың сөзіталқыланды.

 

Сайлауалды күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірітөрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесі болды. Бұл бастама қоғамда кең пікірталас туғызды. ЖСДП төрағасыАсхат Рахымжанов Respublica партиясы өкілдерінің сын-пікіріне жауап беріп, төрт күндік жұмыс аптасы енгізілгеннемесе енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқан елдердіңтәжірибесі ескеріліп отырғанын айтты.

 

«Байтақ» партиясы бірден бірнеше өңірде кездесу өткізді. Петропавлда еріктілер мен кандидат Алмаз Жакишев үй-үйді аралау форматында жұмыс жүргізіп, партия мәліметінше, 300-ден астам тұрғынмен тілдесті.

 

Жетісу облысының Мұқыры ауылында кандидат ТемірланФайзулин ауыл тұрғындарымен экотуризмді дамыту мәселесін талқылады. Кандидат Владимир Мартель Алматы ауыр машина жасау зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, өндірісті экологиялық жаңғырту тақырыбын көтерді.

 

Ал Шымкентте Түркістан көшесінің тұрғындарыменкездесуде жағымсыз иіс мәселесі сөз болды. Сонымен қатарпартия өкілдері Алматыдағы №15 емханада медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын, ал Ақтөбе облысындағыбалабақшада экологиялық тәрбиені дамыту мәселесінталқылады.

 

Қазақстан халық партиясы бірнеше облыста еңбекұжымдарымен кездесулер өткізді. Кандидаттар Болат Смағұлов пен Нұржан Бияқаев Еңбек мобильділігіорталығының ұжымымен кездесіп, жұмыспен қамту мәселесін талқылады.

 

Атырауда «Банк ЦентрКредит» филиалыныңқызметкерлерімен, Өскеменде автопарк ұжымымен кездесуөтті. Онда жүргізушілердің жалақысы, кадр тапшылығыжәне еңбек қауіпсіздігі мәселесі көтерілді.

 

Қарағандыда кандидаттар «ГорКомТранс» кәсіпорныныңұжымымен, Павлодар облысында дәрігерлік амбулатория мен «Ertis Su» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ партия Қарағанды индустриялықуниверситетіндегі кездесуден кейін 40 адамның партия қатарына өткенін хабарлады.

 

«Ауыл» партиясы Қарағанды облысындағы Шахтер ауылдық округінде сайлауалды жұмысын жалғастырды. Мұнда партия өкілдері «Шахтерское» ЖШС ұжымыменжәне ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметімен танысты.

 

Кездесулер барысында элиталық тұқым шаруашылығындамыту, аграрлық секторды мемлекеттік қолдау, заманауиагротехнологияларды енгізу, жер мен су ресурстарын тиімдіпайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жаңажұмыс орындарын ашу, ауыл инфрақұрылымын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

 

Сондай-ақ партия өкілдері Нұра ауданындағы Шахтер ауылына барып, тұрғындармен және шаруашылықұжымымен кездесті. Олар егістік алқаптарын, суаружүйелерін және өндірістік нысандарды аралады. Кездесубарысында ауылдық аумақтарды дамыту, ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, сондай-ақ ауылтұрғындарын жұмыспен қамту мәселелері көтерілді.

 

«Ақ жол» демократиялық партиясы төраға Дания Еспаева бастаған делегациямен Алматыдағы «Үркер-АШ» ЖШС еңбек ұжымымен және логистика саласыныңөкілдерімен кездесті. Онда өндірісті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды.

 

Кандидат Виктор Микрюков партияның Міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндеазаматтардың жеке шоттарын енгізу жөніндегі ұсынысынтаныстырды. Түркістан облысында партия филиалыныңөкілдері «Атлант» шипажайының ұжымымен кездесті.

 

Respublica партиясы Шымкенттегі жұмысын алюминий профильдері мен кабель өнімдерін шығаратын Alutechкәсіпорнына барудан бастады. Кандидаттар өндірісбарысымен танысып, қызметкерлердің сұрақтарына жауапберді.

 

Партия өкілдері Шымкент пен Түркістан облысындағыбірқатар кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесті. «Алтын дән» кәсіпорнында өндірісті дамыту, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала мәселесі талқыланды.

 

Леңгір ауданында партия өкілдері «Балмұздақ» ЖШС-не барып, электрмен жабдықтаудың сенімділігі, инженерлікинфрақұрылым және өндірісті дамыту мәселелерінқарастырды. Сондай-ақ отандық шикізаттан өнім өндіретін«Шымкентмай» АҚ-да болып, отандық өндірісті қолдау, экспортты дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, студенттік жатақханалар салу және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру мәселесінталқылады.

 

Осылайша, сайлауалды науқанның кезекті кезеңі ірі қалалармен ауылдық елді мекендерді қатар қамтыған өңірліккездесу форматында жалғасып жатыр. Көтерілген мәселелерәр өңірдің ерекшелігі мен кәсіпорындардың қызметбағытына қарай әртүрлі болғанымен, басым бөлігіэкономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, экология және халықтың өмір сүру сапасын арттырутақырыптарына арналды.