Бүгін қазақстандықтар маңызды шешім қабылдайды. Бұрынғы мәжіліс пен сенаттың орнына келетін бір палаталы парламент – Құрылтай депутаттарын сайлайды.
Бүгінгі сайлауда елімізде 12 605 788 адам дауыс беру құқығына ие.
Таңғы сағат 7:00-дер Абай облысында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады
Облыс бойынша сайлаушылар саны 402 408 адамды құрайды. Аталған сайлаушылар тізімі тиісті акт бойынша учаскелік сайлау комиссияларына тапсырылды.
Облыста барлығы 464 сайлау учаскесі құрылды. Оның 429-ы – ашық, 35-і – жабық сайлау учаскесі.
Барлық сайлау учаскелері қажетті материалдық-техникалық құралдармен 100 пайыз қамтамасыз етіліп, жұмысқа толық дайын.
Сонымен қатар Абай облысында Құрылтай депутаттары сайлауын өткізуге барлығы 477 сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Оның ішінде 1 облыстық, 12 аумақтық және 464 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Комиссия құрамында 3261 мүше жұмыс істейді. Олардың 91,01 пайызының сайлау процесін өткізу тәжірибесі бар. Комиссия құрамында бос орын жоқ.





