Ирандағы мектепке жасалған соққыдан 40 адам қаза тапты
Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған израильдік соққы салдарынан кемінде 40 адам қаза тапты, -деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұдан бөлек, шабуыл кезінде шамамен 50 адам жарақат алғаны айтылды, деп жазады Reuters.
Қаза тапқандардың арасында балалардың бар-жоғы әзірге хабарланған жоқ.
Минаб қаласында әскери база орналасқаны белгілі.
Америка Құрама Штаттары да, Израиль де мектепке жасалған соққыға қатысты әзірге ешқандай егжей-тегжейлі ақпарат ұсынған жоқ.
Сонымен қатар жағдайдың ушығуына байланысты Иранның Білім министрлігі бірқатар мектептің жабылғанын және оқушылардың қашықтан оқыту форматына көшірілгенін мәлімдеді.