Абай облысында Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылушылар іріктелді

Абай облысында Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылушылар іріктелді

Абай облысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде мерзімді қызмет өткеру үшін кандидаттарды іріктеу аяқталды. Қатаң конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 9 әскерге шақырылушы анықталды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақрараттық агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңі 40 күннен астам уақытқа созылды және үміткерлерді кешенді тексеруді қамтыды. Әскерге шақырылушылар медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден, сондай-ақ арнайы тексеруден өтті. Физикалық параметрлерге ерекше назар аударылды - негізгі талаптардың бірі сарбаздың бойы 180 сантиметрден төмен болмауы қажет.

Салтанатты шығарып салу барысында жас толымның жоғары деңгейі мен қызметке дайындығын атап өтті. Олардың әрқайсысына Абай облысының эмблемасы бар арнайы футболкалар табысталды.

Мемлекеттік күзет қызметі жеке құрамға жоғары талаптар қоятын аса беделді құрылымдардың бірі болып табылады. Іріктелген әскерге шақырылушылар мемлекеттің бірінші тұлғалары мен стратегиялық маңызды объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өңірдің атынан өкілдік ететін болады.


#Абай облысы, #Абай өңірлік гарнизоны