Қазақстандықтарды Израильден алып қайту үшін ұшақ жөнелтіледі

Қазақстандықтарды Израильден алып қайту үшін ұшақ жөнелтіледі

10 қазанда "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып-қайту рейсін орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті Telegram-дағы ресми арнасында. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, 10 қазанда "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту бойынша Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы–Тель-Авив–Алматы бағыты бойынша КС–6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр. "Алматы қаласынан ұшу сағат 08:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған. Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуе компаниясының ақпараты бойынша Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан әуежайға рейстің келу және ұшу уақытын келісуі күтілуде. Барлық сұрақ бойынша әуе компанияның help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет, тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp)", - делінген хабарламада. 


#Әлем, #Израиль