Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Ақсуат ауданы 29 қаралымabaidan.kz

Ақсуат аудандық ауруханасына жаңа медициналық көліктер берілді

Ақсуат аудандық ауруханасына жаңа медициналық көліктер берілді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Ақсуат аудандық орталық ауруханасына жаңа санитариялық автокөліктердің кілтін табыстады. Аудан тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және жедел жәрдем бригадаларының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Ақсуат аудандық орталық ауруханасына лизинг бағдарламасы арқылы 4 санитариялық автокөлік берілді. Атап айтқанда, JAC Sunray маркалы «А» санатындағы 2 автокөлік және «Газель-NEXT ГазА31R23» маркалы 2 автокөлік табысталды. Жаңа көліктер аудандық ауруханаға, сондай-ақ, Ойшілік, Көкжыра және Жантікей ауылдарындағы дәрігерлік-емдеу пункттеріне бекітіледі. Аймақ басшысы жаңа медициналық көліктер шалғай елді мекендердегі тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін маңызды екенін атап өтті.

Ақсуат аудандық ауруханасына жаңа медициналық көліктер берілді

«Аудан тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімді әрі сапалы болуы аса маңызды. Әсіресе шалғай ауылдардағы науқастарға дер кезінде жету үшін жедел жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасы мықты болуы керек. Бүгін беріліп отырған жаңа, заманауи санитариялық көліктер осы мақсатқа қызмет етеді. Ең бастысы – тұрғындардың шақыртуына уақтылы жетіп, қажет болған жағдайда науқастарды облыстық медициналық ұйымдарға қауіпсіз жеткізу. Жаңа көліктер халық игілігіне қызмет етсін», – деді Берік Уәли.

Жаңа санитариялық автокөліктер аудан тұрғындарына 4-санаттағы шұғыл медициналық көмек шақыртуларына уақтылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ, пациенттерді облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдарға тасымалдауға мүмкіндік береді. Аурухана қызметкерлері өз ризашылықтарын жеткізді.

Ақсуат аудандық ауруханасына жаңа медициналық көліктер берілді

 

«Мен осында қырық жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Төрт бірдей  көлікке қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Көліктердің бәрі жаңа, заманауи. Енді дәрігерлердің халыққа жедел жәрдем көрсету мүмкіндігі де артып отыр. Аудандағы дәрігерлер өте білікті, аурухана барлық мамандармен қамтылған», – дейді узист дәрігер Қарлығаш Көшкінбаева.