Қоғам 51 қаралымabaidan.kz

Семейде Қарттар күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

Семейде Қарттар күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

Семей қаласында Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты мерекелік іс-шара өтті. Аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге арналған жиынға қала әкімі Әділет Қожанбаев, еңбек ардагерлері мен қарттар қатысты.

Семейде Қарттар күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қала басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ардагерлердің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін, жас ұрпақ тәрбиесіндегі өнегелі орнын атап өтті.

«Семейдің өсіп-өркендеуіне, өндірісі мен шаруашылығының дамуына, білім мен мәдениетінің биіктеуіне әрқайсыңыз өз үлестеріңізді қостыңыздар. Ұстаз болып шәкірт тәрбиеледіңіздер, дәрігер болып адам жанына араша түстіңіздер, еңбек адамы болып қаламыздың іргесін бекіттіңіздер. Отбасында ұл-қыз өсіріп, оларға адалдық пен жауапкершілікті, елге қызмет етудің мәнін үйреттіңіздер. Бүгінгі ұрпақ сол еңбектің игілігін көріп отыр. Сондықтан сіздерге көрсетілер құрметтің негізінде ең алдымен үлкен ризашылық жатыр», – деді Әділет Нұрсағатұлы.

Семейде Қарттар күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қазіргі уақытта Семей қаласында 57 мыңнан астам қарт азамат тұрады. Қала аумағында 200-ге жуық бастауыш ардагерлер ұйымы белсенді қызмет атқарып келеді. Қала әкімі аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге араласуы, өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда ерекше маңызға ие екенін жеткізді. Мерекелік іс-шара барысында бірқатар ардагер қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Өз кезегінде аға буын өкілдері көрсетілген құрмет пен ықылас үшін алғыстарын білдірді.