2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 538 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған

2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 538 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған

2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына 6 аудан, оның ішінде 96 ауылдық округ енгізілді. 280 жұмыс орны ашылып, 210 жеке кәсіпкер тіркелді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
363 жеңілдетілген несие берілді, оның ішінде:

1) Ірі қара мал сатып алуға 205 несие (2741 бас аналық мал сатып алынды);

2) Ұсақ мал сатып алуға 21 несие (2050 аналық бас сатып алынды);

3) Жылқы сатып алуға 129 несие (1880 жылқы сатып алынды);

4) Омарта ашуға 3 несие (250 бал арасы сатып алынды);

5) Ауыл шаруашылығы емес кәсіпкерлік субъектілеріне 5 несие (жабдықтар мен негізгі құралдарды сатып алу және одан әрі наубайхана ашу).

2024 жылға арналған жобалардың әлеуетті пулын қалыптастыру аясында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін анықтау мақсатында 327 елді мекендегі 135 ауылдық округтің 8 округінде сауалнамаға сәйкес скринингтік тексеру жүргізілді.2024 жылы скрининг қорытындысы бойынша облыстың барлық ауылдық округтері несиелеуге тартылады. 264 несие беру, 10 АӘК алушыға несие беру, 538 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Мал шаруашылығына 50%, егін шаруашылығына 40% және ауылшаруашылық емес кәсіпке 10% несие беру үлесін бөлу.


#Абай облысы, #бағдарлама, #Ауыл Аманаты