Абай облысында сүт өндірісі қарқынды дамуда
Абай облысында ауыл шаруашылығындамытуға бағытталған инвестициялық жобаларөңір экономикасына серпін беріп, жергіліктітұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасалды.
Нақтырақ айтсақ, өткен жылыагроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларғанесие беру бағдарламасы аясында 2 сүтті-тауарлы фермасын қолдау мақсатында 2 млрд теңге екі сүт фермасын яғни, «Қалиханұлы» шаруа қожалығы мен «Өрнек» ЖШС-не кеңейтуге бөлінді. Шаруалар берілгенинвестицияға симменталь және голштино-фризтұқымынан 601 асыл тұқымды сиыр сатып алды.
Өңір тұрғындарына танымал Бесқарағайауданындағы «Қалиханұлы» шаруа қожалығыРесей Федерациясы мен Чехия, Австрия мен Германия мемлекеттерінен жалпы саны 252 басасыл тұқымды ірі қара мал сатып алды. АлКөкпекті ауданындағы «Өрнек» ЖШС Германиядан Симментал тұқымды жалпы саны349 бас 18 айлық құнажындар әкелді. Жобалардың іске қосылуымен 2025 жылданбастап сүт өндірісі жылына 2 400 тоннаға артпақ.
Сондай-ақ, шаруашылықтардың өндірістікқуатын арттыру үшін қазіргі заманғы техникажәне жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Мысалы, «Қалиханұлы» шаруа қожалығызаманауи астық тасушы самосвал, 6135В маркалы трактор, John Deere 7250 маркалыжемшөп жинайтын комбайн және көптеген басқада қажетті техникаларға қол жеткізді. Ал «Өрнек» ЖШС тракторлар мен астық жинайтынкомбайндармен қатар мал шаруашылығынақажетті көптеген жабдықты сатып алды.
Айта кетелік, Марат Қалықов басқаратын«Қалиханұлы» шаруа қожалығы «Айша» саудабелгісімен танымал болған сүт цехы бүгінде 17 түрлі сүт өнімдерін шығарып, жергілікті нарықтасұранысқа ие. Қалықов кәсіпті 90-жылдардағы дағдарыс кезеңінде бастап, қазірде мыңға жуықірі қара мал және жылқы, түйе өсіруде.
– Инвестициялардың арқасындаөндірісіміздің қуаты 9 тоннаға дейін өсті. Жаңатехника мен технологиялар енгізіліп, қазір 170 адам жұмыспен қамтылған, – дейді МаратҚалықов.
Аталған шаруалар алдағы уақытта малбасын көбейту мақсатында қосымша қора-жайлар салып, сүт өнімін арттыруды, сондай-ақхалықты табиғи және сапалы сүт өнімімен қамтужоспарларын жүзеге асырмақ.