«ADAL AS» компаниясының басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысты
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына «ADAL AS» компаниясының құрылтайшысы Ермек Мезібаев та қатысты. Ұлттық өнім шығаратын компанияға биыл 15 жыл! Осы уақыт аралығында 100-ге жуық табиғи таза өніммен халықты қамтамасыз етіп келеді. Заман талабына сай жаңа өнімдер де шығаруда. Соның бірі - "AS TAL" коктейлі. Денсаулыққа пайдалы өнім қазірде тұрғындар сұранысына ие.
Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мал баққан шаруа мен жер емген диқан жиылды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады.
Екі мыңнан астам делегаттың басын қосқан форум сала қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында өтіп отыр. Әрі елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Ол науқанның кесірі аз емес. Ал пайдасы – Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты елдің біріне айналғаны. Форумда сөз алған президент осыған мән берді. Биыл түрлі қиындыққа қарамастан қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 млн тонна дақыл жиналды. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш ,-деді президент.
Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды.
Бұдан бөлек, Президент ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады. Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған. Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды. Іс-шараға агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты.
#Семей, #Абай облысы, #Ауылшаруашылық, #Адал Ас