Аягөз ауданында жастарға арналған ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Аягөз ауданында жастарға арналған ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Жастарға арналған ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына ауданның 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    «Отбасы» банкі арқылы 5 пайыз үстемемен 8 жылға жеңілдетілген несие беріледі. 
Өңірде 1445 адам баспана кезегінде тұрса олардың 1003-і жастар. Бағдарламаға қажет қаржы аудан бюджетінен былтырдан бөліне бастады.


#жастар, #Аягөз