Аягөз ауданында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Ақшатау ауылдық округінде ұзындығы 2 шақырымды құрайтын ауылдың кіреберіс жолдарын орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде 770 адам тұратын елді мекен аудан орталығынан 30 шақырым жерде орналасқан .
Аягөз ауданындағы жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 410,8 шақырым. Оның ішінде Аягөз қаласындағы жолдардың ұзындығы 108 шақырымды құрайды.
Қазіргі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Аягөз ауданында жол инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Айта кетсек, бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында сәтті жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағадрлама.