2026 жылдан бастап әкімдердің жұмысы KPI арқылы бағаланады
KPI көрсеткіштері барлық әкімге бірдей қолданылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлім етті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сілтеме жасап.
— Ұлттық даму жоспары бар. Ол жерде тиісті индикаторлар белгіленген және мемлекеттік органдар мен өңірлерге бөлініп берілген. Әр өңірдің өз көрсеткіштері бар. Қазір әр өңір бойынша жаңа Бюджет кодексіне сәйкес келесі жылға арналған өңірлік даму жоспарын әзірлеп жатырмыз. Ол облыс әкімі үшін жұмыс үстелі кітабына айналады, — деді Азамат Әмрин Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, өңірлік даму жоспарының ішінде инвестиция тарту мәселесі де қарастырылған.
— Нақты қандай жоба, қай бағытқа, не үшін жүзеге асырылуы тиіс екендігі көрсетіледі. Келесі жылдан бастап KPI жұмыс істейді. KPI көрсеткіштері барлық әкімге бірдей қолданылады, — дейді ол.