Аягөз қаласына 5 жаңа автобус келді

Аягөз қаласына 5 жаңа автобус келді

Аягөз қаласының қоғамдық көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. 

Биыл аудан орталығында 10 жаңа автобусты іске қосу жоспарланған. Соның алғашқы легі – 5 автобус ауданға жеткізілді. 2 маусымнан бастап 5 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдай бастайды. Жаңа автобустар заманауи талаптарға сай жабдықталған. Әр көлік электрондық билеттеу жүйесімен қамтамасыз етілген. Сыйымдылығы – 32 жолаушы. Қазіргі уақытта аудан ішінде 8 автобус 5 бағыт бойынша тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Бұдан бөлек ауданаралық бағыттар бойынша Тарбағатай, Баршатас, Ақшәулі және Сарыарқа ауылдарына 7 автобус қатынауда. 
 


#Абай облысы, #Аягөз, #автобус