Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Бесқарағайда жұмыс сапарымен болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов пен Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ЕрТай Қуанбаев Бесқарағай ауданына келіп, ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көктемгі егіс барысымен танысты,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Сапардың мақсаты-өңірдің аграрлық шаруашылықтың егіске дайындық үдерісімен, сондай-ақ “BA Agro Group”ЖШС жеке фермерлік шаруашылығының қызметімен танысу.
Бесқарағай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Ардақ Өміртаев ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту жоспарлары, сондай-ақ аудан тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы хабардар етті. Сондай-ақ жиында ауданның аграрлық кешенді дамытудың өзекті мәселелері көтерілді.
#Абай облысы, #Ауылшаруашылық, #Бесқарағай