Абай облысы әкімінің грантына өтініштерді қабылдау басталды

Абай облысы әкімінің грантына өтініштерді қабылдау басталды

2024-2025 оқу жылына арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды (Абай облысы әкімінің гранты). 

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер осы жылдың 5-10 тамыз аралығында https://abay-abiturient.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 

2024 жылдың тамыз айында конкурстық комиссияның отырысы өткізіліп, онда грант иегерлері айқындалады. Грант иегерлерінің тізімі 20 тамыздан кейін білім басқармасының сайтында жарияланады. 2024-2025 оқу жылына арналған шекті балл: – «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы үшін кемінде 75 балл, – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» саласы бойынша кемінде 70 балл, – ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл, – басқа жоғары оқу орындары кемінде 50 балл жинауы керек.

Білім беру грантына түсетін үміткерлерге тағайындалған жеңілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген квоталар бойынша анықталады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: өтініш; білім туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) - тұпнұскасы; жеке куәлiк көшірмесі; 075/У үлгісіндегі медициналық анықтама; тестiлеу нәтижелерi бар сертификат; 3*4 фотосурет - 4 дана.


#Білім, #гранттар, #білім беру