Қала әкімі жылу беру кезеңін бастау туралы Қаулыға қол қойды.
2024-2025 жылу маусымының басталуы туралы ақпарат:
Семей қаласында жылу маусымы ресми түрде 2024 жылдың 1 қазанынан басталады,-деп хабарлайды abaidan.kz Қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жылу беру кезеңін бастау туралы Қаулыға қол қойды.Ең алдымен, жылу білім беру және денсаулық сақтау мекемелері сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандарға беріледі.
Айта кету керек, көп пәтерлі үйлер бірден жылуға қосылмайды. Сыртқы ауа температурасы төмендеген сайын тұрғын үйлерге жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
#Семей, #Семей қаласы әкімдігі, #жылу, #жылу маусымы