Абай облысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» оқу-тәрбие жүйесіне енгізілді
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №294 бұйрығына сәйкес ,жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Абай облысында жұмыстар жүргізілуде,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- жоспар аясында мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру және қосымша білім беру, техникалық-кәсіби білім беру ұйымдары педагогтер үшін облыстық деңгейде біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруда әдістемелік-тәжірибелік 19 семинар ұйымдастырылды.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» үйлестіруде Білім басқармасы мен Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Абай атындағы драма театры арасында өзара ынтымақтастық меморандум жасалды, бүгінгі таңда театрда жас ұрпаққа жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуде қойылымдар қойылып келеді.
- Абай облысындағы барлық білім беру мекемесінде #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы хэштегімен мониторинг жүргізіліп, әлеуметтік желілерге 9000-ға жуық іс-шара жарияланды.
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ 301 білім беру мекемесінде ашылды.
Абай облысында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысын үйлестіру бойынша 342 педагог арнайы курстан өтті. Арнайы вебинарлардан оқытудан өткен облысымыздың 120 педагогі жұмысқа жұмылдырылды. Орталық жұмысы аясында облысытағы білім беру мекемелерінде «Даналық мектебі» клубы қызметін үйлестіруші 602 тұлға тағайындалды.
АПҚО жұмысына ардагерлер қауымы кіріктіріліп, облыста «Өнеге, ақыл, өсиет» жобасы бой көтерді. Осы жоба аясында 137 іс-шара өткізілді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы барлық әлеуметтік желілерде #АПҚО_Абай_облысы_Абай хэштегімен белгіленіп, 1859 іс-шара жарияланды.
Тәрбие жұмысы барысында «Толық адам» ілімін қалыптастырудағы ата-аналар институты» жобасын іске асыру барысында 2023 жылы 50% өсті. 49683 ата-ана жоба аясында дәріс алды.