Абай облысында инклюзивті білім беру ресурстық орталық кабинеті ашылды

Абай облысында инклюзивті білім беру ресурстық орталық кабинеті ашылды

 Семей қаласындағы Мектеп жанындағы интернаты бар №42 мектепте күні Alikhan Bokeikhan University қолдауымен инклюзивті білім беру ресурстық орталық кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Инклюзивті білім беру ресурстық орталық кабинетін ашу мақсаты - білім беруді жүзеге асыруда педагогтердің қызметін үйлестіру және психологиялық-педагогикалық қолдауда әдістемелік көмек көрсету.

Кабинет ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және түзете-дамыту үшін барлық құрал-жабдықтар, көрнекіліктермен қамтылған.

Ресурстық орталықта оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселесін қарастырылады. Сондай-ақ білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде университет студенттеріне теориялық білімдерін мектептің тәжірибе алаңында шыңдауға да барлық мүмкіндіктер жасалады.

Айта кетсек, жалпы білім беру жүйесінде оқытудың технологиялары мен әдістерін үйрену, дайындық сапаларын жоғарлату үшін Абай облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы бүгінгі күнде мектеп мұғалімдерін инклюзивті оқытуға байланысты арнайы тақырыптарда кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өткізіп, вебинар, семинарлар, форум ұйымдастырып жатыр.


#Абай облысы, #Білім