Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 18 қаңтарда мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды abaidan.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, үйде төмендегі мектеп оқушылары қалады:
- 1-11 сыныптар Көкпекті ауданындағы 18 мектеп
- 1-11 сыныптар Ақсуат ауданындағы 17 мектеп
- 1-9 сыныптар 2 мектеп, 1-11 сыныптар 29 мектеп Бородулиха ауданында
- Аягөз ауданындағы 1-9 сынып, 12 мектеп
- 1-4 сыныптар 16 мектеп, 1-9 сыныптар 3 мектеп, 1-11 сыныптар 2 мектеп Жарма ауданында
- Семей қаласының барлық мектептерінің 1-4 сыныптары
- Бесқарағай ауданындағы барлық мектептердің 1-11 сыныптары
Ал қалған аудандар мен қалалардағы мектептер әдеттегідей оқуда.






