Білім 73 қаралымabaidan.kz

Абай облысында педагогтер арасында «QUIZ» интеллектуалды ойыны өтті

Абай облысында педагогтер арасында «QUIZ» интеллектуалды ойыны өтті

Абай облысының облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «QUIZ» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің педагог мәртебесін қоғамда ілгерілетуге және ұстаз мамандығының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған контент-жоспары аясында өткізілді.

Зияткерлік сайысқа 6 команда құрамында 36 педагог қатысып, білім мен зеректігін, логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығын сынға салды.

Интеллектуалды ойын педагогтердің таным көкжиегін кеңейтуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, командалық ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

Осындай тағылымды іс-шаралар ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттырып, өзара ынтымақтастығын нығайтуға және қоғамдағы педагог мәртебесін көтеруге ықпал етеді.

Ұстаз мәртебесі -ұлт мәртебесі!