Экономика 50 қаралымabaidan.kz

Республика күні қарсаңында «Қазына» сауда үйінде мерекелік акция өтті

Республика күні қарсаңында «Қазына» сауда үйінде мерекелік акция өтті

Республика күні қарсаңында қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Republic Day» және «Береке Fest» мерекелік акциялары ұйымдастырылуда. Бүгін аталған акциялардың бірі қаламыздағы «Қазына» сауда үйінде өтті.

Мерекелік бастама аясында қаладағы 10 сауда үйінде «Republic Day» акциясы, ал «Small», «Дастархан» және «ADAL SUPERMARKET» ірі сауда желілерінде «Береке Fest» акциясы өткізілуде. Акция барысында азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жекелеген түрлеріне 5%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Республика күні қарсаңында «Қазына» сауда үйінде мерекелік акция өтті

Тұрғындар жеңілдетілген бағамен күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін, көкөністерді, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті басқа да тауарларды сатып ала алады. Акцияға қатысатын өнімдер сауда сөрелерінде арнайы баға белгілерімен ерекшеленген. Мерекелік акцияның тиімділігін қала тұрғындары да атап өтті. Олардың айтуынша, сүт, ұн, картоп, көкөніс және макарон өнімдері секілді күнделікті қажетті тауарларды қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар.

«Republic Day мерекесіне орай өте жақсы акция жүріп жатыр. Қазір тауарлардың бағасы нарықпен салыстырғанда төмендеген. Сүт, ұн, картоп, көкөніс, макарон өнімдері сияқты қажетті заттарды қолжетімді бағамен алып жатырмыз. Осындай акциялардың ұйымдастырылғаны өте қуантады», – деді қала тұрғыны.

Республика күні қарсаңында «Қазына» сауда үйінде мерекелік акция өтті

Аталған шаралардың негізгі мақсаты – халықты қажетті тауарлармен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету, ішкі сауданы жандандыру, сондай-ақ отандық өндірушілер мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету.

Республика күніне орай ұйымдастырылған бұл бастама тұрғындарға мерекелік кезеңде қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.