Туризм 30 қаралымabaidan.kz

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Дүниежүзілік туризм күніне орай Абай облысында өңірдің туристік әлеуетін таныстырған алғашқы ауқымды шара өтті. «Бір күн – бір алаң» форматындағы іс-шарада облыстың 12 ауданы мен 2 қаласы өздерінің туристік мүмкіндіктерін көпшілікке ұсынды.

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Шара барысында табиғи және тарихи нысандар, туристік бағыттар мен маршруттар таныстырылып, туроператорлар өз ұсыныстарын ортаға салды. Келушілер өңірдің табиғи ерекшеліктерімен қатар, ұлттық мәдениеті мен дәстүрін де тамашалады.

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Алаңда жергілікті бренд өнімдерінің және қолөнер шеберлерінің көрмесі, туристік жәрмеңке ұйымдастырылды. Сондай-ақ спорттық ойындар өткізіліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысының әр өңірі өзіндік ерекшелігін таныстырып, туристерге ұсынатын жаңа бағыттары мен өнімдерін көрсетті. Мұндай формат жергілікті кәсіпкерлерді, қолөнершілерді, туроператорлар мен мәдениет саласының өкілдерін бір алаңға біріктіріп, ішкі туризмді дамытуға жаңа мүмкіндік береді.

Шараның басты мақсаты – Абай облысының табиғи байлығын, тарихи-мәдени мұрасын және туристік мүмкіндіктерін кеңінен таныту.

Бір күнге бір алаңға тоғысқан өңірдің туристік әлеуеті Абай облысының саяхатшылар үшін тартымды бағыттарының көп екенін тағы бір мәрте көрсетті.