Абай облысында ІТ саласын дамытуға ден қойылады

Абай облысында ІТ саласын дамытуға ден қойылады

Татарстан Республикасына арнайы келген Абай облысының делегациясы Иннополис қаласына барды. Сапар нәтижесінде Иннополис университеті Alikhan Bokeikhan University және Abai IT-Valley арасында келісімге қол қойылды. Құжат бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, жасанды интеллект пен робототехника саласындағы академиялық және ғылыми алмасуды, инновациялық аумақтарды құруда тәжірибесімен бөлісу ынтымақтастықты көздейді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Иннополис университетінде барлық академиялық бағдарламалар ағылшын тілінде жүргізіледі, ал мамандықтар ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Университет Ресейдегі 297 жетекші IT-компаниялармен біріккен 17 зертханасы мен 9 даму орталығы бар ғылыми орталық .

«Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» лауреаттарын марапаттау рәсімінде «Еліміз жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайтуы керек. Қазақстан ірі халықаралық IT компаниялардың кеңселері орналасатын аумақ бола алады және болуға тиіс» деп атап өтті. Осы бағытта Абай облысы IT секторын дамыту үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Татарстан Республикасына жұмыс сапары ақпараттық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бағытта облысымызда белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Еске салсақ, қазіргі таңда екі өңірдің ЖОО арасындағы ынтымақтастық белсенді жалғасып жатыр. Мысалы, Семей медицина университетінің оқытушылары мен резиденттері Қазан медициналық университетінде кардиология және кардиохирургия бағыттары бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігіне қол жеткізді.

Сапар барысында Қазақстан мен Татарстанның екі медициналық оқу орнының басшылары оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, қоршаған ортаны қорғау мәселелері аясында бірлескен ғылыми жобаларды және медициналық білім берудің ақпараттық ресурстарының бірыңғай базасын құруда ынтымақтастық орнатты.

Сондай-ақ сапар барысында өңір делегациясы «Иннополис» арнайы экономикалық аймағымен танысты. Бұл ең озық инновациялық ІТ шешімдері әзірленетін және коммерцияланатын белсенді қауымдастық. Сондай-ақ, АЭА негізгі нысаны технопарк кеңселері мен даму орталықтары бар заманауи, көпфункционалды кешен болып табылады. Мұнда дамудың қолайлы жағдайы бар, жаңа перспективалы жобалар да, ірі ресейлік және халықаралық IT-компаниялар да шоғырланған.

Инновациялар мен технологиялық бағытынба ынталандыруда – жергілікті IT-стартаптарды құру және қолдау да маңызды рөл атқарады. Осыған орай, тәжірибе алмасу мақсатында делегация Башир Рамеев атындағы ІТ-паркке арнайф барды. Оның жалпы ауданы 49 мың шаршы метрді құрайды. Парк базасында коворкинг, балалар технопаркі, стартап хаб, киберпарк аренасы және т.б. бар.


#Абай облысы, #Татарстан Республикасы