Абай облысындағы жазғы демалыс: балалар лагерлері бойынша пресс-тур.
Биылғы жазда Абай облысында көрікті жерлерде орналасқан 8 мемлекеттік сауықтыру лагері және 5 жекеменшік саяжай лагері жұмыс істеуде. Жұмысқа рұқсат алған 12 лагерьдің 2-і мемлекеттік тапсырыс бойынша ауысымдарын аяқтап үлгерді.
Бүгін осы лагерьлердің бірнешеуінде баспасөз туры өтті. Журналистер 7-15 жас аралығындағы балалар демалатын "Радуга" және "Жас Қанат" балалар сауықтыру лагерьлеріне барды.
- Әр лагерьде балалардың демалысы мен сауықтыру бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 242,58 млн теңге бөлініп, әлеуметтік жағынан осал санаттағы 4043 балаға лагерьлерде жақсы демалуы үшін барлығы ұйымдастырылған», - деп атап өтті Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова.
14 жыл бойы өңірдегі балалар «Жас қанат» лагерінде демалуға мүмкіндік алды, мұнда қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуге барлық жағдай жасалған. Балаларға жайлы үйшіктер, ашық бассейн, кең асхана және ойын алаңы бар. Биылғы жылы лагерь 5 маусымда 400-ден астам оқушыны қабылдайды.
- Біз балалардың тамақтануын мұқият қадағалаймыз. Сондай-ақ қауіпсіздік бірінші орында: лагерь аумағының барлық периметрі мен ішінде бейнекамералар орнатылған. Сонымен қатар мұнда душ, монша, асхана, клуб және түрлі ойын алаңдары бар. Демалушы балалар үшін барлық жағдай жасалған, - деді «Жас қанат» лагерінің басшысы.
Алғашқы екі маусымда балалары демалып үлгерген ата-аналар ерекше демалыстың ұйымдастырылуы мен жағдайын жоғары бағалады.
Баспасөз турының келесі нүктесі биылғы жылы 400-ден астам балаға қызықты оқиғаларға толы ұмытылмас жаз сыйлайтын «Радуга» лагері болды. Күн сайын балалар көркемдік-эстетикалық, спорттық және музыкалық бағыттар бойынша үйірмелерге қатысады. Олардың арасында "Мобилография негіздері", "Грим негіздері" және бисер тоқу сабақтары танымал.
- Жоспар бойынша, таңғы уақыт шығармашылық іс-шараларға арналған, ал кешке балаларды белсенді ойындар, квесттер мен спорттық эстафеталар күтеді. Балалар түрлі елдердің мәдениеттерімен танысады. Асық атып және арқан тартысып жарысады, түрлі сайыстарға қатысады. Балалардың қуанышы тәлімгерлерді шабыттандырады, біз әр балаға махаббат пен көңіл бөлуге тырысамыз, - деді "Радуга" лагерінің жетекшісі Әлия Аманжолқызы.
Бірақ бәрінен бұрын балалар лагерь тәлімгерлері ұйымдастыратын дискотекаларды асыға күтеді. Музыкалық кештер әр түрлі стильде өтеді: ақ, қара, STARs, пижама кеші, 90-шы жылдардағы стиль, «Наоборот» стиль және Хэллоуин. «Радуга» лагеріндегі қарбалас күндерден кейін балалардың демалысы нағыз мерекеге айналады.
Өңірдегі жазғы сауықтыру аралаған пресс-тур мүшелері балалардың толыққанды күнделікті жұмыс тәртібімен танысып, лагер жұмысына сәттілік тіледі.
Анықтама: Биылғы маусымда екі айдың ішінде балалар лагерлері 2943 баланың демалыс орнына айналды. Олардың ішінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 1869 бала ұмытылмас жазға мүмкіндік алды. Ал жаздың соңына дейін тағы 2000-ға жуық бала демалады. Ауылдық жерлерден келген балалар да шетте қалмады: "Қазақстан халқына" жобасының арқасында 415 бала ұмытылмас демалыс өткізіп, жаңа әсерлерімен бөлісті.
#Семей, #Абай облысы, #бала, #балалар