Абай облысындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінің дайындығы тексерілді
Абай облысының аумағында жазғы кезеңде 10 балалар сауықтыру лагері жұмыс атқармақ,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі. Бүгін сол лагерлердің бірқатарына арнайы қадағалау жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, № 36 ЖОББМ КММ "Жас қанат", "Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы" КМҚК қарасты "Радуга" және Семей қаласының № 1 БЖСМ "Достық" лагерьлері. Бұл лагерьлер Бесқарағай ауданының аумағында мәңгі жасыл қарағайлы орманда орналасқан.
Жазғы сауықтыру лагерьлерінің дайындығын, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Риза Молдашева, Абай облысы әкімі жанындағы өңірлік комисмия мүшесі, облыс бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова, комиссия хатшысы Гүлнұр Ыдырышева және Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Асем Нускенова бастаған топ мүшелері арнайы аралап қайтты.
- Абай облысының 2024 жылғы жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын және олардың бос уақытын ұйымдастыру Тұжырымдамасы әзірленді. Соның аясында бүгін арнайы үш лагерьдің жұмысымен таныстық. 2024 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша лагерлердің дайындығы 85 %-ды құрайды. Күнделікті лагерь әкімшіліктері фотосуреттер мен бейнематериалдар түрінде орындалған жұмыстардың барысын басқармаға ұсынуда. Сонымен қатар 10 лагерьдің 5-еуі лагерь жұмысына рұқсат құжатын алды, 3 –і тиісті мекемелерге өтінім берді, 2 лагерьде жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында, - деп атап өтті Асем Нускенова.
"Радуга" және "Жас Қанат" балалар сауықтыру лагерьлері қазіргі күні 7-15 жас аралығындағы балаларды қабылдап үлгерген. Жұмыс жоспарына сәйкес орталықтарда ашылу салтанаты алдағы күндері болмақ. Екі лагерде 5 ауысымнан 400 бала қабылдауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, "Достық" спорттық-сауықтыру лагері. Келесі шілде айынан бастап жұмысын атқаратын белсенді лагер дене шынықтыру саласы, түрлі қоғамдық маңызы бар демалыс қызметін ұйымдастырады. Лагерь биыл бір ауысымда 90 баланы қабылдауға дайындалу үстінде. Мұнда, балалар тек үш маусымда демалып, облысымыздың 270 жас спортшысы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын болады.
Облыстағы жазғы сауықтыру лагерьлеріне барған топ мүшелері, лагер басшыларына өз ұсыныстарын айтып, балалармен өткізетін жазғы жұмыстарына сәттілік тіледі.