Абай облысының барлық білім беру ұйымдарында «Амал мерекесі» атап өтілді

Абай облысының барлық білім беру ұйымдарында «Амал мерекесі» атап өтілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Наурыз мерекесі мазмұнын байытып, жаңаша атап өту туралы тапсырмасын орындау мақсатында 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі» барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында ұйымдастырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Көрісу күні әртүрлі бағыттағы мерекелік іс шараларда көрініс тапты.  

«Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт. Осыған орай, білім ордаларында кездесулер, қолөнер көрмелері ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар өткізілді. Ауылдың үлкендеріне барып сәлем беру, сый құрмет көрсету, салт дәстүр туралы сұқбаттасулар ұйымдастырылды»,-дейді Абай облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Заманбекова. 

Бұдан бөлек мектептерде «Амал-көрісу» дәстүрі, ұлттық ойын түрлері мен қойылымдар көрсетілді. Оқушылар онкүндік Наурызнаманы тамаша көңіл күймен бастағаны байқалды. Би билеп, ән шырқалып, ұлттық құндылықтарды насихаттап дәріптейтін игі шара он күн бойы жалғасады. 


#Абай облысы, #Білім