Абай облысының колледждеріне түсу үшін құжаттарды 25 маусымнан бастап тапсыруға болады

Абай облысының колледждеріне түсу үшін құжаттарды 25 маусымнан бастап тапсыруға болады

Колледждерге грантқа оқуға түсу үшін талапкерлердің өткен жылдағыдай биыл да мүмкіндіктері бар. Конкурсқа қатысу үшін осы жылы облыстың 32 колледжі өтінім жолдаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Құрманова баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.

- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау 25 маусым мен 25 тамыз аралығында басталады. Шығармашылық мамандықтар үшін құжаттарды қабылдау 25 маусымнан 20 шілдеге дейін, Педагогикалық және медициналық мамандықтар үшін құжаттар 25 маусымнан 15 тамызға дейін қабылданады, - деп атап өтті спикер.

Абай облысы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлім басшысы Вилена Жакупбаева оқуға түсуге құжаттарды тапсыру процесінде кейбір өзгерістер бар екенін айтты.

–  Биылғы жылдың ең маңызды өзгерісі-колледжге түсуге арналған құжаттар тек электрондық форматта, “электрондық үкімет”порталы арқылы қабылданатын болады. Әрине, құжаттарды тапсыру үшін ата-аналардың немесе заңды өкілдердің және талапкердің ЭЦҚ болуы керек. Егер талапкердің компьютері болмаса, онда колледждерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар талапкер 4 мамандық пен 4 колледжді таңдауға құқылы., - деп атап өтті Вилена Жакупбаева.

Құжаттар тізбесі;

* 1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің оның өкілінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

•  2) білім туралы құжаттың немесе білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

* 3) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтамалар құжаттарының электрондық көшірмелері интеграцияланады. Яғни, медициналық құжаттарды сканерлеудің және тіркеудің қажеті жоқ.

•  4) көлемі 3х4 см сандық фотосурет, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады.


#Абай облысы, #Білім