Абай облысының оқушылары 1 миллион теңге грант ұтып алды

Абай облысының оқушылары 1 миллион теңге грант ұтып алды

Shel  Kazakhstan  компаниясының  «Caravan of  Knowledge» корпаративтік қолдауымен «Nxplorers: Gylymi saiahat» республикалық ғылым фестивалі өтті, - деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған республиканың барлық аймағынан 85 команда қатысып, өз жобаларын ұсынды. Іріктелген 20 команда Астана қаласында өткен III кезеңде бақ сынасты. Еліміз бойынша бес команда жеңімпаз атанды.

Экология мәселесіне арналған ғылыми фестивальға Абай облысынан Аягөз ауданындағы К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясының  8-сынып оқушылары Жаркенаев Ерсұлтан, Құрманғожин  Дәулет, Бейсен Меруерт қатысып, 1 000 000 теңге грант иегері атанды. Жетекшілер: информатика пән мұғалімдері Туманбаева Ардак Бакытбековна, Дюсембекова Раушан Сапарбековна. Облыс намысын қорғаған «Transformers» тобының көтерген мәселесі - қар және жаңбыр суларын тазартып, пайдалану. Жоба мақсаты - мектеп ауласында су резервуарларын қолданып, мектепті ауыз су және шаруашылық қызметке арналған сумен қамтамасыз ету. Оқушылар мектептің 3D моделін және қар күрейтін робот үлгісін ұсынды.  

Айта кетейік, фестивальға еліміз бойынша 8-11 сынып оқушылары қатысты. Жобалар сайысында су тапшылығы, балама энергияны қолдану, мектеп ауласын көгалдандыру, күн энергиясын қолдану, қағаз қалдықтарын өңдеу, көкөністер өсіретін жылыжай, қала ішіндегі саябақтың су қоймасын балдырлардан тазарту мәселелері бойынша жұмыстар қорғалды.


#Абай облысы, #гранттар