«IQanat» олимпиадасының қорытындысы шықты
Республикалық «IQanat» олимпиадасының қорытындысы шықты.«IQanat» қоғамдық қорының 8-сынып оқитын ауыл оқушылары арасында республикалық «IQanat» олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Олимпиада жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаев және Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек құттықтап, сертификаттармен марапаттады.
«IQanat» олимпиадасы ауыл мектептерінде оқитын балаларға арналған республикалық бағдарлама. Негізгі мақсаты: ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларға өзі қалаған жарқын болашаққа қол жеткізуге көмек беру.
Олимпиаданың аймақтық кезеңінен жолдама алған 33 дарынды бала республикалық кезеңде Абай облысының намысын қорғады.
IQanat High School of Burabay – еліміздегі ең жоғары технологиямен қамтамасыз етілген мектептердің бірі. Республикалық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен 10 оқушы осы мектепте тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.