Кәсіптік бағдар: Жолшы мамандығының ерекшеліктері

Кәсіптік бағдар: Жолшы мамандығының ерекшеліктері

“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалында № 8 Балалар үйінің тәрбиеленушілері ашық есік күніне қатысты,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі филиалдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Балалар сынақ зертханасындағы жұмыстармен жан-жақты танысты. Ондағы мамандар жол сапасы қалай тексерілетіндігін түсіндіріп, құрал жабдықтармен таныстырды. Жолшы мамандығының ерекшеліктері жайлы кеңінен әңгіме өрбіді. Қызығушылық танытқан жасөспірімдерді ЖАСҰО мамандары тәжірибеден өткізіп, осы мамандық игеруге қолғабыс етуге дайын.

-Қазір елімізде жол саласының мамандары тапшы. Сондықтан жастарды бұл саланың ерекшеліктерімен ерте бастан таныстырыған жоқ. Біз тұрақты түрде мектептерде бітіруші сынып оқушыларымен кездесу өткізіп тұрамыз. Ондағы мақсат кәсіптік бағдар беріп, жолшы мамандығын таңдауға ықпал ету. Білікті маман көп болса, елімізде жолдар да сапалы болады. Сондықтан мұндай насихат жұмыстарын жалғастыра береміз-дейді “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалы сынақ зертханасының меңгерушісі, Айбек Тұрғанов.


#Білім, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы", #Жұмысшы мамандықтары жылы