Абай облысында №8 балалар үйінде Ашық есік күні өтті

Абай облысында №8 балалар үйінде Ашық есік күні өтті

Абай облысы бойынша Жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалы №8 балалар үйінде Ашық есік күні ұйымдастырды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Жол активтері сапасы ұлттық орталығының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты — тәрбиеленушілерге жол саласы туралы кеңінен мағлұмат беріп, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру болды.

Кездесу барысында орталық мамандары балаларға жол саласының негізгі бағыттары, мамандық түрлері, инженерлік-техникалық қызметтің маңызы туралы жан-жақты түсіндірді. Олар инженер-жобалаушы, зертхана маманы, жол құрылысын бақылау инженері секілді мамандықтар жайлы ақпарат ұсынып, бұл саланың қоғам дамуы үшін маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру аясында оқушыларға мамандыққа баулудың алғашқы қадамдары, техникалық білім беру мекемелеріне түсудің жолдары, дуалды оқыту мүмкіндіктері және еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттар туралы мәлімет берілді. Шараға қатысушылар мамандармен еркін сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы алдағы уақытта да жасөспірімдер арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жалғастырып, техникалық мамандықтарға қызығушылықты арттыруға бағытталған кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.


#Абай облысы, #балалар, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"