Қазақстанда көктемгі оқушылар демалысы қашан басталады?

Қазақстанда көктемгі оқушылар демалысы қашан басталады?

Биыл мектеп оқушылары наурызда 11 күн демалады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі   Tengrinews.kz сілтеме жасап. Мерекелер Наурыз мейрамын тойлаудан басталады. Наурыздан кейінгі апта демалыс болады. Биыл 31 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, сабақ дүйсенбі, 1 сәуірде басталады.

Еске салайық, былтыр балалар үшін оқу жылы ұзартылып, қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет 1 маусымда соғылды. Бүкіл ел бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталып, 36 аптаға созылды. Бұл қиындықтар туғызды. 25 мамырдан кейін көптеген мектеп оқушылары оқулықтарын тапсырып, мектептерде сабақтың орнына сабақтан тыс іс-шаралар өткізіліп жатқаны туралы ақпарат тарады.

Ақырында, қызу талқылаулардан кейін Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтаруға келісті.


#Білім, #Оқушы, #демалыс