Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды abaidan.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды. Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.Грант иегерлерінің тізімін мына жақтан көруге болады.


#Білім, #гранттар