Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Білім 840 қаралымabaidan.kz

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

Еліміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, - деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Қазақпарат-қа сілтеме жасап. 

«Өздеріңіз де білетіндей, жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін елміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акция оқу жылында дайындық кезеңінде аз қамтылған отбасылардың балаларын демеушілік қолдау көрсетуге бағытталған», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, акция барысында «жедел желілердің», «сенім телефондарының», қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж немесе қолдау көрсетуге дайын жандар Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 74-25-28 сенім телефонына немесе «BALA QORǴAÝ» Telegram чатына жүгіне алады.

«Комитет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға бей-жай қарамайтын, жүрегі кең азаматтарды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырады», - деді Насымжан Оспанова.