Өңірде барлық мектеп ыстық тамақпен қамтамасыз етілген

Өңірде барлық мектеп ыстық тамақпен қамтамасыз етілген

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жүргізілуі туралы сала мамандары баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді,-деп хабарлайды abaidan.kz.

Сонымен қатар Абай облысындағы облыстық барлық 302 білім беру ұйымындағы 100 102 оқушыға қыркүйек айынан бастап ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оның ішінде әлеуметтік осал топ санатынан шыққан 55 718 оқушы күнделікті бір реттік тегін тамақпен қамтамасыз етілуде.

- Облыс бойынша 275 мектепте ас блогы, тамақтану залдары бар. Буфет жобасында  8 мектеп жұмыс жасайды.Тек, 24 шағынжинақты мектептерде асхана жоқ. Бұл мәселені шешу мақсатында 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде оқушылардың тамақтануына бейімделген кабинеттер дайындалып, 462 оқушыға кейтеринг арқылы, яғни ыстық тамақты тасымалдау  ұйымдастырылуда, - деді Абай облысы білім басқармасының бөлім басшысы Макия Әмірханова.

Мектеп оқушыларының рационын нормаларға сәйкес келтіру мақсатында 2024 жылы жергілікті бюджеттен тегін тамақтандыруға қосымша қаражат бөлініп, облыс бойынша тегін тамақтандырудың орташа құны 620 теңгеге көтерілген. Оған тамақтану құнына мектептегі бір реттік тамақтандыру мөлшеріне сәйкес өнімдер кіреді.

2023 жылы бөлінген қаражатқа облыстағы 10 мектептің асханасына жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылы тағы 9 мектептің асханасын жөндеуден өткізу үшін тиісті қаражат бөлінген.


#Абай облысы, #мектеп