Республикалық Абай оқуларында 56 оқушы жеңімпаз атанды

Республикалық Абай оқуларында 56 оқушы жеңімпаз атанды

Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты – Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен  XXIVРеспубликалық Абай оқулары өз мәресіне жетті,-деп деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды. Атап айтсақ, I дәрежелі дипломмен 13 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 19 қатысушы және III  дәрежелі дипломмен 24 қатысушы марапатталды. 

Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады. Жалпы есеппен «Бас жүлдені» Шығыс Қазақстан облысы жеңіп алса, Абай облысы 1-орынды,  Қарағанды облысы 2-орынды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары 3-орынды иеленді. 

Оқушылар Абай өлеңдерінен ең көбі 220 өлең жаттаған. Байқау барысында 200-ге жуық өлең, 3 поэма жатқа оқылды. 

 

Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады. 


#Абай облысы