"SEMEY New School" базасында "Eco Business Solution" облыстық хакатонының финалы өтті

Бүгін "SEMEY New School" алаңында экологиялық стартаптарды қолдауға бағытталған "Hackathon – Eco Business Solution" облыстық байқауының финалдық кезеңі өтті,- хабарлайды  abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 Аймақтың жас инноваторларын біріктірген ауқымды шара экологиялық мәселелерге жаңа көзқарас қалыптастырып, оқушылардың кәсіпкерлік және шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік берді.

Финалға бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 5 мықты команда жолдама алды:

  • Абай атындағы Жарма мектеп-балабақшасы
  • Аягөз қаласының №4 мектебі
  • Аягөз қаласының №7 мектебі
  • Семей қаласындағы №37 гимназия
  • Ж. Чайжунусов атындағы Көкпекті мектебі

Шараға экологиялық бастамаларды қолдайтын эко-активистер, салалық сарапшылар, Абай облысының білім басқармасының өкілдері, «Семей Тазалық» ЖШС және өзге де серіктестер қатысты. Олар қатысушы командалардың жобаларын тыңдап, кәсіби пікірлерімен бөлісті.

Хакатон нәтижесінде «Жасыл болашақ» командасы (Жарма ауданы, Шар) ең жоғары бағаға ие болып, байқаудың жеңімпазы атанды. Команда мүшелері ұйымдастырушылар ұсынған ақшалай сертификаттарға, сондай-ақ демеушілер мен қонақтар атынан берілген қосымша сыйлықтар мен арнайы бонус-перзенттерге ие болды.

Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды: қатысушылар мен қонақтар жылы атмосфераны, қызықты пікірталастарды және экологиялық бағыттағы тың жобалардың көптігін ерекше атап өтті. Финалистер өз идеяларын іске асыруға жаңа серпін алып, шабытқа толы күйде тарқасты.

"Eco Business Solution" хакатоны – аймақ жастарының экология саласындағы бастамаларын қолдаудың жарқын үлгісі. Осы тәрізді жобалар келешекте қоқыс өңдеу, экологиялық білім беру және жасыл экономика бағыттарының дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.


#Семей, #Экология, #Абай облысы, #білім беру