Семейде еріктілер форумы өтті

Семейде еріктілер форумы өтті

Семей қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Семей жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қалалық еріктілер форумы өтті. Бұл туралы Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 
Облысымыздағы волонтерлік бастамаларды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған басқосуда спикерлер 6 бағыт бойынша жастарға тың ақпарат таратты. Семей қаласындағы ФМБ НЗМ директоры Нәркен Бүркенов форум қатысушыларына сәттілік тілеп, жиынның еріктілердің тұлғалық дамуларына ой салатын тұстары көп екенін атап өтті.          
 

- Мектебімізде сын сағаттан халықтың сүрінбей өтуіне себепші волонтер жастарымыздың жиналғанына қуаныштымыз. Ерікті болу – ерлік. Сіздер волонтерлік жолда тек қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып қоймай, өмірлік тәжірибе жинап жатырсыздар.      Игілігі мол іспен айналысып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Бүгінгі іс-шара сіздер үшін табысты әрі пайдалы болады деп сенемін, - деді мектеп директоры Нәркен Бүркенов. 

Жиынға шаһарымыздағы 19 колледжден 120-дан астам адам қатысты. Волонтерлер көшбасшылық, бизнес, цифрлық дағды, алғашқы медициналық көмек, стресске төзімділік, гендерлік пен инклюзия тақырыптары бойынша білім алды. Сондай-ақ,  форум барысында жастарымыз «Интелектуалды жастар қауымдастығы» өткізген қазақша квиз ойыны бойынша бақ сынасты.  Іс-шара соңында белсене қатысқан қатысушыларға сертификат табысталды. 


#Семей, #Абай облысы, #форум, #еріктілер