ҚР Президенті 16 қаралымabaidan.kz

13 қарашада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді

13 қарашада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді

2026 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Серікбайұлы Смадияров.

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді. 
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады.

«Самұрық-Қазына» қорының жұмысын реформалау, ұлттық компаниялардағы басқару құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету және ҚТЖ-ның тариф саясатын өзгерту мәселелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретіндегі қызметінде бірнеше жылдан бері тұрақты көтеріліп келеді. 



https://kaz.inform.kz/news/13-karashada-memleket-basshisinin-toragaligimen-kaupszdk-kenesnn-shugil-otirisi--37be5c43/