Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Білім 47 қаралымabaidan.kz

Технологиялық прогресс әрдайым халықтың әл-ауқатына қызмет етуі тиіс — Қазақстан Президенті.

Технологиялық прогресс әрдайым халықтың әл-ауқатына қызмет етуі тиіс — Қазақстан Президенті.

Астанада өткен Жасанды интеллект бойынша үшінші халықаралық олимпиаданың (IOAI-2026) ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа технологияларды дамытуға жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды abaidan.kz агенттігінің тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап .

Мемлекет басшысы жасанды интеллект қоғам мүддесін ескере отырып және халықаралық қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып дамуы тиіс екенін айтты.

— Қазақстан жасанды интеллекттің қауіпсіздігі мен оны дамыту стандарттарын қамтамасыз етуді берік қолдайды. Технологиялық прогресс әрдайым адамдардың әл-ауқатына қызмет етуі тиіс. Әйтпесе, ол өзінің шынайы мақсатын сөзсіз жоғалтады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жасанды интеллекттің дамуы экономика, ғылым және білім беру салалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, оны байыпты әрі жауапкершілікпен қолдану қажет.