Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Білім 58 қаралымabaidan.kz

Абай облысы жастары «SKILLUP» жобасы аясында заманауи цифрлық дағдыларды меңгерді

Абай облысы жастары «SKILLUP» жобасы аясында заманауи цифрлық дағдыларды меңгерді

​Семейде жастарға заманауи цифрлық дағдылардыүйретуге бағытталған «SKILLUP» жобасының алғашқыкезеңі өтті. Үш күндік оқыту барысында қатысушыларсмартфонмен контент жасаудан бастап, жасанды интеллект арқылы анимация, инфографика және цифрлық қосымшаәзірлеуге дейінгі практикалық дағдыларды меңгерді.

Абай облысы жастары «SKILLUP» жобасы аясында заманауи цифрлық дағдыларды меңгерді

​Жобаның алғашқы үш тренингіне барлығы 100 денастам жас қатысты. Ұйымдастырушылар оқытубағдарламасын жастар алған білімін бірден тәжірибедеқолданып көре алатындай практикалық форматта әзірлеген.

​Алғашқы күн «Смартфонмен контент жасау жәнемонтаж» тақырыбына арналды. Контент-продюсер ҚуанышОмар қатысушыларға смартфон арқылы сапалы фото жәневидео түсіру, кадр құру, контентті өңдеу мен монтаждаудыңнегізгі тәсілдерін көрсетті. Тренинг барысында жастартеориямен шектелмей, өздері контент әзірлеп, жаңақұралдарды іс жүзінде қолданып көрді.

Абай облысы жастары «SKILLUP» жобасы аясында заманауи цифрлық дағдыларды меңгерді

​Екінші күні жасанды интеллект мүмкіндіктерінебасымдық берілді. Семей қаласындағы Astana Hubфилиалының басшысы, кәсіпкер Әнет Тұрсынжан «AI анимация және деректер визуализациясы» тақырыбындапрактикалық тренинг өткізді.

​Қатысушылар AI құралдарының көмегімен анимация жасауды, ақпаратты визуалды форматта ұсынуды жәнеидеяны цифрлық өнімге айналдыру жолдарын меңгерді. Сонымен қатар, дайын өнімді аудиторияға тиімді таныстыружәне оны нарыққа ұсыну тәсілдері талқыланды.

​Үшінші күнде қатысушылар жасанды интеллект көмегімен өз цифрлық өнімдерін жасауға кірісті. IT саласының халықаралық сарапшысы Асхат Мұқанов «ЖИ арқылы мәтін және цифрлық өнім жасау» тақырыбындатренинг өткізді.

​Жастар жасанды интеллектке дұрыс әрі тиімді промптқұруды, мәтін, инфографика және басқа да цифрлықматериалдар әзірлеуді үйренді. Бұдан бөлек, қатысушыларvibe coding тәсілін пайдаланып, өз мамандықтары мен қызығушылықтарына сәйкес цифрлық қосымшалар жасапкөрді. Осылайша, идеяны қалыптастырудан бастап оны нақты цифрлық өнімге айналдыруға дейінгі үдерістітәжірибе жүзінде өтті.

Абай облысы жастары «SKILLUP» жобасы аясында заманауи цифрлық дағдыларды меңгерді

​«SKILLUP» жобасының басты ерекшеліктерінің бірі – қатысушыларға жаңа технологиялар туралы ақпаратберумен шектелмей, оларды нақты құрал ретіндепайдалануды үйрету. Үш күн ішінде жастар контент әзірледі, видео монтаждады, AI-анимация жасап көрді, деректерді визуализациялады және өз цифрлық өнімдерінұсынды.

​«SKILLUP» бір реттік оқытумен шектелмейді. Жоба бірайға жоспарланған және алдағы кезеңдерде жастардыңцифрлық сауаттылығын арттыруға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және заманауи еңбекнарығында қажет практикалық дағдыларды дамытуғабағытталған жұмыстар жалғасады.

«SKILLUP» жас мамандарды оқыту және қолдау жобасы Абай облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Болашақ» корпоративтік қорыныңұйымдастыруымен жүзеге асырылды.