Елімізде 2026 жылғы Рамазан айының басталу күні белгілі болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталатынын ресми түрде бекітті. Қадыр түні 16-17 наурызға сәйкес келеді.
Ораза айт мерекесі 20 наурызда аталып өтсе, Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді. Діни басқарма хижра айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне негізделетінін атап өтті. Осыған байланысты айдың тууына қарай діни мерекелердің нақты күні бір күн алға немесе кейін шегерілуі мүмкін екені ескертілді.
Рамазан – мұсылман күнтізбесіндегі ең маңызды айлардың бірі. Ал Құрбан айт қажылықтың аяқталуын білдіретін, мұсылмандар үшін ең ұлық мерекелердің қатарында.

#дін, #Рамазан айы, #Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы