Абай облысы Жарма ауданы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты.

Абай облысы Жарма ауданы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты.

Көшелер мен алаңдардың тазалығы бір күндік іс-шаралармен шектелмей, үнемі назар аударуды қажет етеді. Бұл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басты мақсаты - барлық тұрғындардың назарын экологияны қорғауға, тазалықты сақтауға аудару.

Абай облысы Жарма ауданында экологиялық іс-шараларды өткізу жалғасуда,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Сондай бастамалардың бірі – Жаңғызтөбе кентінде өткен «Экологиялық мәдениет тазалықтан басталады» шарасы.
 

Ауданның 2,5 мыңға жуық халқы бар ең ірі елді мекендерінің бірі болып табылатын теміржол торабының бойында орналасқан кент арқылы көптеген жолаушылар өтеді. Сондықтан елді мекенде тазалықты сақтау өте маңызды.

Бұл жолы саябақ аумағын мекемелер, ұйым қызметкерлері, тұрғындар, жастар қатарынан 30-дан астам адам тазартты. Саябақта Қазақ хандығындағы көтерілістердің бірінің көшбасшысы болған Кенесары ханның ескерткіші орналасқан.
 

-  Кент орталығындағы саябақ - елді мекеннің көрікті жерлерінің бірі, сондықтан оны жинауға қатысу - біздің ортақ міндетіміз. Өз Отанын бағалайтын әрбір адам оның тазалығына өз үлесін қосуы керек, - дейді Жаңғызтөбе кентінің тұрғыны Айжан Исатова.

Акцияға қатысушылар бірлесе жұмыс істеп, саябақ пен ескерткіш аумағын тазартты.


#Экология, #Абай облысы, #Жарма ауданы, #"Таза Қазақстан" акциясы